Пәтерден 8,9 млн теңге ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған күдікті ұсталды

Күдікті үй иелері болмаған кезде пәтерге кіріп, 8,9 млн теңге ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған.

Алматы, NEGE. Қостанай ПБ Оңтүстік бөлімінің қызметкерлері ПД криминалдық полиция басқармасының әріптестерімен бірлесіп, бір күдіктіні анықтады. Одан ұрланған қаражат пен алтын бұйымдардың бір бөлігі тәркіленді.

ҚР ҚК 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.