Пашинянды шіркеуден неге қуып шықты?

Арменияның Сюник облысы Сисиан қаласындағы Әулие Григор шіркеуінің басшысы премьер-министр Никол Пашинянға қол беруден бас тартып, оның шіркеуден кетуін талап етті. Бұл оқиғаның бейнежазбасы қазір армян әлеуметтік желілеріне тарап кетті.

Алматы. NEGE. Желтоқсанның 21-де Армения премьер-министрі Сюник облысына келген. Пашинянға наразы жұрт оның жүретін жолын бөгеуге әрекеттенген. Әзірбайжанмен шектесетін облыстың тұрғындары үшжақты бітімге сәйкес әзірбайжандық әскери бекеттердің жақын орналасқаны өздеріне қауіп төндіреді деп санайды. Қазір Арменияда Таулы Қарабақтағы соғыстағы жеңілген және Әзірбайжанға бірқатар ауданды қайтаруға мәжбүр болған билікке наразылық шаралары өтуде.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?