Пасха мейрамын онлайн тойлады

Әлем католиктері Пасха мейрамын тойлап жатыр. Бұл ең маңызды католиктік мереке болып саналады.

Алматы, NEGE. Алайда осы жылы дәстүрлі әрі діни мейрамдарды тойлау рәсімі коронавирустық инфекцияның өршуіне байланысты өзгеріске ұшырады. Көптеген шіркеулер  дәстүрлі құлшылық етудің орнына онлайн-трансляция өткізіп жатыр, ал дін қызметкерлері келушілермен ара қашықтықты сақтауға тырысады. Коронавирус пандемиясы адамдарды үйге қамаса да, мерекені атап өтуге кедергі бола алмайды. 

Рим папасы Франциск Ватикандағы қасиетті Петр соборында жексенбілік пасха мінәжатын өткізді. Әдетте 10 мың адам сиятын шіркеу бұл жолы бос болды. Құлшылық рәсіміне небәрі 20 адам қатысты. Дегенмен бұл оқиғаны әлем католиктері ғаламтор арқылы тамашалады. Понтифик өзінің дұғасында адамдарды «қорқынышқа бой бермеуге» және сенім мен үмітті жоғалтпауға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты