Парламент мәжілісінің жаңа депутаттары ант қабылдады
Депутаттар елдің игілігі үшін қызмет етіп, халықтың жағдайын жақсартуға атсалысамыз, тиімді шешімдер шығарамыз деп уәде етті.
Алматы, NEGE. "Қазақстан халқына қызме етуге, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен тұтастығын арттыруға, Конституция мен заңдарға қатаң бағынуға және өзіме жүктелген міндеттерді адал атқаруға ант етемін", - деді мәжілістің жаңа депутаттары.