Парламент депутаттары жаппай төбелесті

Боливия парламентінде ІІМ басшысы Эдуардо Дель Кастильоның 2019 жылғы мемлекеттік төңкеріс туралы баяндамасы кезінде депутаттар жаппай төбелесіп қалды, - деп хабарлайды РИА Новости порталы.

Алматы, NEGE. Министрдің сөзі мен көрсетілген бейнематериалдар оппозициялық депутаттардың наразылығын тудырды, олар шенеунікпен келіспейтіні туралы айғайлады. Министрді «Социализмге қозғалыс» (MAS) өкілдері қолдап шықты.

Creemos («Сенеміз») альянсының сенаторы Энри Монтеро мен MAS-тің депутаты Антонио Колкенің арасындағы ұрыс төбелеске ұласты. Видеода парламентшілердің бір-бірін ұрып-соғатыны, тебетіні көрінеді. Оларды бірнеше адам арашалауға тырысады. 

Алайда екеуін арашалап жатқандар арасында да төбелес басталады: әйел депутаттар Татьяна Аньес пен Мария Аланока бір-бірінің шашынан ұстап алады.

Парламент сессиясы тоқтатылды. Монтеро мен Колке кейінірек журналистерден кешірім сұрады. Ал ІІМ басшысы қысқа үзілістен кейін баяндамасын аяқтады.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде