Парламент депутаттары каникулдан оралды

VIII шақырылымдағы Парламенттің төртінші сессиясы ашылды.

ғаламтордан

Астана, NEGE. Палаталардың бірлескен отырысында VIII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің төртінші сессиясының ашылуы өтті.

– Өздеріңіз білесіздер, осы күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қытай Халық Республикасында ресми сапары өтіп жатыр. Осыған байланысты ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңының 6-бабының 5-ші тармағына сәйкес, маған Парламент Мәжілісінің Төрағасы ретінде ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша сегізінші сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер, – деді Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.

Іс-шараға Парламенттің қос палатасының спикерлері мен депутаттары, Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері, Мемлекеттік кеңесші, Конституциялық сот пен Жоғарғы сот төрағалары, Президент Әкімшілігінің, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың басшылығы қатысты.

Қазір оқып жатыр

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды