Парижде медицина қызметкерлері ереуілге шықты

Франция астанасы Парижде медицина қызметкерлері ереуілге шықты. Дереккөз мәліметінше, наразылық акциясы тәртіпсіздікке ұласқан.

Алматы, NEGE. Қара киім киген наразылар тәртіп сақшыларына тас пен бөтелке лақтыра бастаған. Көше бойындағы автокөліктерді аударып, дүкен сөрелерін қиратып тастаған. Медицина саласының қызметкерлері биліктен жұмыс жағдайының жақсаруын талап етеді.

Тәртіпсіздік бірнеше сағат бойы жалғасқан. Жиналған жұртты тарату үшін полиция көз жасаурататын газ қолданған. Ақпарат көздері 30-ға жуық адам қамауға алынғанын хабарлайды. Әзірге жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды