Париж олимпиадасының тағы бір жолдамасы қоржында

Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық таеквондошы Самирхон Абабакиров (58 кг) Париж Олимпиадасының лицензиясына ие болды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, жартылай финалда отандасымыз Филиппин өкілі Курт Бриан Барбосаны жеңді. Ұлттық құрама спортшысы екі раундта да айқын басымдылыққа ие болды. Есеп: 2-0.

Абабакиров осыған дейін Нұрхан Самидиновты (Қырғызстан), сосын Танакрит Йодракты (Таиланд) ұтқан болатын.

Бұл таеквондодан Ұлттық құраманың Париждегі ойындарға алған екіншісі жолдамасы. Кеше Батырхан Төлеуғали (-80 кг) алғаш болып «арнайы билетке» қол жеткізді. 

Қытайдағы жарыста Париж Олимпиадасының жолдамасына әр салмақта финалға шыққан екі спортшы ие болады. Барлығы турнирде 33 мемлекеттен келген таңдаулы 96 таеквондошы күш сынасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?