11 августа 2024 г. 10:26
                                        
                                        Париж Олимпиадасы: Бүгін кімдер жарысқа шығады?
                                            Париж Олимпиадасында 11 тамыз, жексенбі күні қазақстандық олимпиадашылар спорттың екі түрінен — еркін күрес пен жеңіл атлетикадан бақ сынайды.
                                        
                                    Алматы, NEGE Париж Олимпиадасында 11 тамыз, жексенбі күні қазақстандық олимпиадашылар спорттың екі түрінен — еркін күрес пен жеңіл атлетикадан бақ сынайды.
Алдымен 11:00-де жеңіл атлетикадан Жанна Мамажанова марафонға қатысады.
Ал 14:00-де еркін күрестен Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуінде сынға түседі.
Айта кетейік, Франция астанасы Париж қаласында алуы тұтанған XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 80 спортшы спорттың 25 түрінен сынға түсті.