Париж-2024: Қазақстандық спортшылардың алғашқы жарыс күніндегі кестесі белгілі болды

Ертең, 25 шілде күні, Қазақстан құрамасының спортшылары Олимпиада медаліне таласты бастайды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Париждегі жазғы Олимпиадада Қазақстаннан алғаш болып садақ атушылар сынға түседі.

Аталған спорт түрінде ел намысын Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Александр Еременко қорғайды.

25 шілде күні жекелей сын өтеді. Спортшыларды рейтингілік раунд күтіп тұр. Жарыс нәтижесі бойынша олимпиадалық сетка анықталады. Ал плей-офф кезеңі 30 шілде күні 1/32 финалдан басталады.

Садақшылар жарысты Астана уақытымен 17.15-те бастайды.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?