2 августа 2024 г. 10:24
Париж-2024: Алжирлік трансгендер әйелдер арасындағы жекпе-жекте италиялық қарсыласын жылатып жіберді
1 тамыз күні бокстан әйелдер арасындағы Олимпиадалық турнирде 66 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалдық кездесулер өткен болатын.
Алматы, NEGE. Италиялық боксшы Анджела Карини Париж Олимпиадасында бұған дейін гендерлік сынақтан өте алмай қалған алжирлік Иман Хелифке қарсы жекпе-жекте есе жіберді. Олимпиада ойындарында итальяндық Карини мен трансгендер Хелиф арасындағы жекпе-жек 46 секундқа созылды.
Карини жекпе-жек басталғаннан кейін бірнеше ауыр соққы алып, жекпе-жекті тоқтатты. Ауыр соққының салдарынан Анджела Каринидің мұрны сынған болуы мүмкін. Ол қарсыласының қолын қысудан бас тартып, рингте жылап жіберді. Карини қатты күйзеліп, рингте де, журналистермен сөйлескенде де көз жасын тыя алмады.