«Паразиты» фильмінің актері көлігінен өлі күйінде табылды
48 жастағы оңтүстіккореялық актер Ли Сон Гюн Сеулдегі Орталық саябақ маңында көлігінен өлі күйінде табылды.
Алматы, NEGE. Актердің әйелі полицейлерге күйеуінің өз-өзіне қол жұмсау туралы хат қалдырып, үйден кетіп қалғанын хабарлаған.
Алдын ала болжам бойынша, Ли Сон Гюн өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Оның есірткі қолданды деген айыппен тергеуде болғаны белгілі. Оңтүстік Кореяда есірткі қолданғандар қатаң жазаланады. Қайғылы оқиғаға дейін актерді тергеуге жиі шақырған. Ли Сон Гюн өзі тағылған айыпты жоққа шығарып, есірткіні біреудің қасақана қойып кетуі мүмкін екенін алға тартқан.
Бір күн бұрын Ли тергеуді басқаратын Инчхон қалалық полиция департаментіне өзінің кінәсіз екенін айтып, полиграфиялық тексеруден өту туралы өтініш берген.
Оңтүстік Корея заңына сәйкес, тыйым салынған заттарды пайдаланғандар төрт айдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Ли Сон Гюн 2019 жылы «Үздік фильм» номинациясы бойынша Оскар жүлдесін жеңіп алған «Паразиты» фильміндегі Натан рөлі арқылы танымал.