10 февраля 2020 г. 11:00

«Паразиты» фильмі Оскар иеленді

Америкалық киноакадемия жылдың ең үздік фильмі аталымы бойынша «Паразиты» фильмін Оскармен марапаттады. 

Алматы, NEGE. «Паразиты» фильмінің режиссері оңтүстіккореялық Пон Чун Хо. Бұл фильм Оңтүстік Корея Оскарға ұсынған алғашқы фильм. 

Алғаш ұсынылған фильм үшін бұл төртінші «Оскар». Бұған дейін ол «Ең үздік сценарий», «Үздік шетелдік фильм» аталымдары бойынша жүлдеге ие болған. Сонымен қатар, Пон Чух По режиссура бойынша өзінің алғашқы Оскарын алды.

Жалпы, драма алты номинация бойынша ұсынылды. Кинотуынды бірден төрт Оскарды қанжығасына байлаған алғашқы азиялық фильм.

Тегтер: