Параспортшылар Бейжіңге аттанды

Отандық параспортшылар қысқы олимпиадаға жол тартты, деп хабарлайды ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Бүгін қазақстандық паралимпиадашылар Қытай астанасы Бейжіңге ұшты.

Қысқы паралимпиада ресми түрде 4 наурызда ашылып, 13 наурызға дейін жалғасады.

Айтулы додада ел намысын Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Денис Петренко, Юрий Березин және Сергей Усольцев парашаңғы және парабиатлон спорты түрінен қорғайды.

Бұған дейін еліміздің паралимпиада комитеті ұлттық құраманы жасақтап, спортшылардың жарыс кестесін жариялаған еді.

Бейжің-2022 паралимпиадасында көк туды шаңғы спорты түрінен әлем кубогінің қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов ұстап шығады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды