Парапсихолог: Кей шенеуніктер мансап үшін дуа жасатады

Парапсихолог Айнұр Әбдірәсілқызының айтуынша, кейбір жоғары қызметтегі шенеуніктер қарсыластарына ықпал ету не өзін қорғау ниетімен түрлі тылсым амалдарға жүгінеді.

Pixabay.com

Астана, NEGE. Әбдірәсілқызының айтуынша, кей шенеуніктер байлық пен сәттілікті шақыру үшін тылсым рәсімдерді қолданады екен. Ол бұл туралы журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты. Сұхбат бірнеше ай бұрын шығып қойған, бірақ қазір осы үзіндісі талқыланып жатыр.

«Министрлікте көп жұмыс істедім. Министрге кеңесші болдым. Басқа да лауазымдарды атқардым. Ірі-ірі басшылар христиандардың үрдісін ұстанып, қолына қызыл лента байлап алады. Ол ақша шақырады, байлық, сәттілік шақырады деп санайды. Әдетте, сол қолына байлайды. Осыны істеп жүрген үлкен лауазымды басшылардың талайын көрдім. Сол үшін жаздыгүні жеңі ұзын көлек киеді», – деді Әбдірәсілқызы.

Парапсихологтың сөзінше, жоғары қызметтегі талай адам дуа жасатудан да тартына қоймайды. Әсіресе бәсекелесін қызметтен ығыстыруға тырысқанда соған барады-мыс.

«Әрине, ешкім «дуа жасатып құрттым» демейді. Бірақ ана адамның қандай нәрсеге ұшырап, жұмыстан қалай кетіп жатқанын көргенде, оқиғалардың хронологиясынан үлкен дуа жасалғанын біліп отырасың. Мұндай адамдарға «дем салдырыңызшы» деп ескерткен кезім де болды. Ол кезде өзім де мемлекеттік қызметте жүрдім», – дейді ол.

Айта кетсек, сотта бұрынғы Экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың көріпкелге жүгінгені айтылды. Ол бизнес мәселелері бойынша ақыл сұрап жүрген. Тіпті, Салтанат Нүкенова қаза болған күні де көріпкелге қоңырау шалғаны белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?