Парапланерист сайлау учаскесіне қонды: Экстремал Өскеменде өткен референдумда дауыс берді

Шығыс Қазақстан облысының орталығы – Өскемен қаласында парапланерист Николай Қазақстан Республикасының Конституциясына қатысты республикалық референдумда дауыс берді.

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен, NEGE. Ол өз таңдауын №42 мектепте орналасқан референдум учаскесінде жасады.

Оның айтуынша, дауыс беру – әр азаматтың белсенді азаматтық ұстанымын білдіріп, ел болашағына өз үлесін қосуына мүмкіндік береді.

Николай қоғам үшін маңызды оқиғалардан шет қалмай, мемлекет өміріне белсенді қатысуды маңызды санайтынын атап өтті.