Парамен ұсталған полицей 8 млн теңге айыппұл төлейтін болды

Алматыда №2 Медеу аудандық сотында Бостандық аудандық полиция басқармасының анықтаушысына қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды

 ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы, NEGE. Іс материалдарына сәйкес, күдікті полиция басқармасының анықтаушысы қызметін асыра пайдаланып, пара берушінің жағдайына ықпал етемін деген желеумен одан 1000 АҚШ доллары көлемінде пара сұраған.

Сол күні полиция қызметкері мен пара беруші дәріхана қасында кездескен. Пара беруші оған 380 000 теңге көлемінде қаражат берген. Алайда оның 360 000 мыңы жалған ақша болатын. Сол сәтте полиция қызметкері Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерімен ұсталды.

Сот үкімімен полиция қызметкері ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі 366-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 8 360 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте, сот, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сонымен қатар, сот оны «полиция лейтенанты» атағынан айырды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті