Паралимпиаданың алтын жүлдегері Ақмарал Науатбек белгілі спортшының жары болып шықты

Пара дзюдодан әйелдер арасында тұңғыш паралимпиада чемпионы атанған Ақмарал Науатбек белгілі дзюдошы Мәди Амангелдімен 2022 жылы шаңырақ көтерген. 

instagram.com/nauatbeka

Алматы, NEGE. Мәди Амангелді мен Ақмарал Науатбек Астана қаласында тұрады. Екеуі спортта жүріп танысқан. 

Мәди Амангелді жары Ақмарал Науатбекке Паралимпиада ойындарында қолдау көрсетіп, жанында болған. Олар Париждегі Эйфель мұнарасының алдында фотоға түсіп, әлеуметтік желідегі парақшаларына жүктеді.

Фото: instagram.com/nauatbeka

Мәди Амангелді 2020 жылы дзюдодан Қазақстан чемпионы, 2023 жылы Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарының чемпионы атанған. Ал Ақмарал Науатбекова 2022 жылы Бакуде өткен парадзюдодан әлем чемпионатында алтын жүлде жеңіп алды. 2024 жылы Парижде өткен Паралимпиаданың финалдық бәсекесінде франциялық спортшы Сандрина Мартинеден басым түсіп, чемпион атанды. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?