Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Давид Дегтярев елге оралды  

Чемпион мінген ұшақ бүгін түнде сағат 1-лер шамасында Нұр-Сұлтандағы әуежайға қонды.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Әлемдік додада топ жарып, ел мерейін асырған оғланға, жанкүйерлері зор құрмет көрсетті. Ол пауэр-лифтингтен  54 келі салмақ санатында үздік атанды. Осылайша, жерлесіміз аталған ойындарда алғашқы алтынды, ел қоржынына салды. Жүйелі жаттығу мен жақындарымның риясыз сенімі мені, жеңіске жетеледі, дейді спортшының өзі.

Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Давид Дегтярев: "Бәрі тамаша өтті. Қалайда алтын аламын деген ойым жүзеге асты. Әрине, ол алдымен жаттықтырушымның ақыл-кеңесінің арқасында. Сондай-ақ маған сенім артып, жігер сыйлаған отбасым, достарым, күллі Қазақ елінің қолдауынсыз мұндай жетістікке жету мүмкін емес еді", – деді. 

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады