Паралимпиада: Нұрдәулет Жұмағали жүзуден қола жүлдегер атанды

Токиода өтіп жатқан Паралимпиадада қазақстандық Нұрдәулет Жұмағали жүзуден қола жүлдегер атанды.

Алматы, NEGE. Ерлер арасында жүзуден 100 м брасс әдісімен S13 санатында өткен финалда Н.Жұмағалимен бірге тағы бір қазақстандық Нұрали Советқанов жарыс жолына шықты.

Бәсеке қорытындысында Нұрдәулет 1:05.20 нәтижесімен мәрені үшінші болып қиды.

Әлемдік рекорд жасаған германиялық Тализо Энгель чемпион атанса, америкалық Дэвид Абрахамс күміс жүлдеге ие болды.

Нұрали сегізінші болып келді.

Осылайша Қазақстан қоржынына бесінші медаль түсті.