Паралимпиада: Герлиц эстафетаны бесінші болып аяқтады

Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиаданың соңғы күнінде қазақстандық спортшылар аралас эстафетаны бесінші болып аяқтады.

Алматы, NEGE. Александр Герлиц эстафетаның соңғы 2,5 шақырымын еңсеріп, Қазақстан командасын үздік бестік қатарына енгізді. Айта кетейік, А. Герлиц Бейжіңдегі Паралимпиадада төртінші рет мәреге «бесінші» болып келіп отыр.

Бүгін Паралимпиадада спорттың үш түрінен жарыстар өтетінін хабарлаған болатынбыз. Жексенбі күні сондай-ақ «Құс ұясы» ұлттық спорт стадионында XIII Паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды