Паралимпиада: Давид Дегтярев алтын алды

Дегтярев 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде пауэрлифтингтен 174 келі нәтижемен «алтын» иеленді.

Алматы, NEGE. Бұл салмақта француз Бурлон Аксель (165 кг) «күміс» жүлде, ал «қола» жүлде грек Бакочристос Димитриоске (165 кг) бұйырды. Осылайша, Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындары аясында бірінші марапатқа ие болды.

Давид Дегтярев 1996 жылы Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келді.

Давид пара пауэрлифтингпен 2016 жылдан бері айналыса бастады. Жеке жаттықтырушы-Колесников Юрий Николаевич.

2021 жылы Тблисиде өткен Әлем Кубогінде ол 185 кг-ға дейін салмақ көтеріп, Азия рекордшысы болды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді