Паралимпиада чемпиондары «Барыс», «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен марапатталды

Президент жарлығымен биылғы Паралимпиада чемпиондары түрлі ордендермен марапатталды.

 Нұр-Сұлтан, NEGE.  Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы: 2021 жылғы 6 қыркүйек ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Токио-2020 ХVI Жазғы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін наградталсын:

ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Дегтярев Давид Мамиевич – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы; «Парасат» орденімен Байбатина Зарина Боранбайқызы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы Дәулет Теміржан Серікұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы Сариев Ануар Берікұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы;

«Құрмет» орденімен Жұмағали Нұрдәулет Мақсұтұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті» ҚБ нұсқаушы-спортшыcы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 6 қыркүйек № 652

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады