Паралимпиада Александр Герлиц шаңғы жарысында 5-інші болды

Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Александр Герлиц 10 шақырымға шаңғымен тұрып жарысуда мәреге 5-інші болып келді.

Алматы, NEGE. А.Герлиц мәреге алғашқы болып жеткен қытайлық Ван Чэньяннан 2 минут 3,2 секундқа қалып қойды. Екінші орын француз Б.Давиетке, үшінші орын қытайлық Цай Цзюньге бұйырды. Айта кетейік, бүгін шаңғымен жекелей жарыстардың соңғы күні. Чжанцзякоу елді мекенінде әйелдер және ерлер арасында медальдардың 6 жиынтығы сарапқа салынады. Аздаған уақыттан соң қазақстандық спортшылар Ербол Хамитов, Юрий Березин, Денис Петренко және Сергей Усольцев шаңғымен еркін стильде отырып жарысудан финалдық кезеңге қатысады (басталуы сағат 10:30-да). Бүгін 5 қазақстандық сайысқа түседі. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды