Парадзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді

Нұр-Сұлтан қаласында парадзюдодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық паралимпиада комитеті.

«Жарысқа еліміздің түкпірінен халықаралық сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысады. Соның ішінде 2018 жылғы әлем чемпионы Олжас Оразалыұлы, бүкіләлемдік ойындардың және әлем кубоктарының жүлдегері Ануар Сариев, 2019 жылғы Азия чемпионы Дәулет Теміржан және 2018 жылғы Джакартада өткен Азия пара ойындарының қола жүлдегері Азамат Тұрымбетов қатысады», - делінген хабарламада.

Республикалық чемпионат ақпан айының 4-і және 5-і күндері Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті