Парабиатлоншы Ербол Хамитов әлем чемпионатының қола медалін жеңіп алды

Ербол Хамитов пара биатлоннан Әлем чемпионатында ел тарихындағы тұңғыш медальді жеңіп алды.

Алматы, NEGE. ҚазАқпарат бұл туралы Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаңтардың 17-30 аралығында Швецияның Эстерсунд қаласында парашаңғы және парабиатлоннан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. 18 елден 102 спортшы бақ сынауда.

Байрақты бәсекенің алғашқы күнінде Ербол Хамитов парабиатлоннан 7,5 км қашықтықта сынға түсіп, қола жүлдеге ие болды. Ол екі ату рубежінде (0-1) бір рет мүлт кетіп, үшінші орынға табан тіреді. Бұл еліміз үшін тарихи жеңіс екенін атап өткен жөн.

Бірінші орын канадалық - Кэмерон Коллинге, екінші орын АҚШ спортшысы Арон Пикеге бұйырды. Бүгін жарыс жолына Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин, Нұрлан Әлімов, Денис Петренко және Денис Зинов шығады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды