Пара велоспортшылар Азия пара ойындарының қола жүлдесіне ие болды

Тас жолдағы пара веложарыс топтық сайысында ұлттық құрама спортшылары Кенжеғұл Сейітжан мен Антон Лаврентьев қола медаль жеңіп алды. Олардың уақыт көрсеткіші - 1:42:52.

Алматы, NEGE. Алтын медальді Оңтүстік Корея құрамасы иеленді (1:35:27), ал күміс медаль индонезиялық пара велоспортшылар еншісінде (1:42:52).