Пара алғаны үшін айыппұл төлейді

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің штаб батальоны командирі пара алғаны үшін сотталды, – деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "61993 әскери бөлімі" РММ-нің штаб батальоны командирі Н.С.Қойбақовқа қатысты әскери қызметкердің әскери қызметін 1 айға жеңілдетуге 100 мың теңге пара алғаны үшін бұған дейін жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталды. "Алматы гарнизоны Әскери сотының үкімімен Н.С.Қойбақов пара алғаны үшін айыпты болып танылып, оған өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырумен, 3 миллион теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды", – делінген хабарламада.
 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты