Пара алған шенді сотталды

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМКК директоры пара алғаны үшін сотталды. Бұл жайында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМКК директоры Р.С.Әлімқұловқа қатысты пара алды деген деген күдікпен жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Ол қонақ үй қызметін көрсету бойынша шарттарды бұзбағаны, орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны, жүгенсіздікке жол бергені және жалпы қамқорлығы үшін 5 млн теңге сомасында пара алды деп күдікке ілінген. 22 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен Әлімқұлов пара алды деп айыпталып, 3,5 жыл бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылды.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Саяси реинкарнация дейтіндей өліп, тірілген жоқпын – Ғабидолла Әбдірахымов

Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» театрында дауыс берді

Маңғыстаулық волонтерлер референдумға баратын қарт адамдарға көмек көрсетуде