Пара алған полицей жұмыстан шығарылды

Солтүстік Қазақстан облысында пара ал

ды деп күдікке ілінген қызметкер полициядан жұмыстан шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі және СҚО ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерімен анықталған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісін қарастыру бойынша тәртіптік комиссияның шұғыл кеңейтілген отырысы болып өтті.

Алматы, NEGE. Бейнеселекторлық режимде барлық аудандық бөліністер мен Шал ақын ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы қатысты. 21 сәуір Шал ақын ауданында бір миллион үш жүз мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. СҚО ПД Тәртіптік комиссиясының шешімімен ол ішкі істер органдарына теріс себептермен жұмыстан шығарылды. Оның тікелей басшысы – АПБ басшысы атқарып отырған лауазымынан босатылды. Сонымен қатар, бірқатар басшылар, оның ішінде ПД басшысының екі орынбасары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Пара алу фактісі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіндегі әріптестермен ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бүгін мен жаза қолдану туралы бұйрыққа қол қойдым. Біз алдағы уақытта да өз қатарымыздағы құқық бұзушыларға қатаң шаралар қолданатын боламыз. Мұндай келеңсіз жәйт барлық жеке құрам төтенше жағдай кезінде ерекше режимде қызмет атқарып жатқан уақытта орын алды. Кез келген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық көріністерінің жолын ымырасыз кесетін боламыз”, – деді СҚО ПД басшысы Марат Төлебаев. Facebook әлеуметтік желісінде Марат Төлебаевтың жеке парақшасы бар Департамент басшысы аталған парақша арқылы кез келген азаматпен ашық диалог жүргізуге дайын. Сондай-ақ, СҚО Полиция департаментінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарында ведомстводағы Өзіндік қауіпсіздік басқармасының сенім телефондары орналастырылған (61-26-89, 8-700-161-26-89 WhatsApp). Аталған телефон нөмірлері арқылы азаматтар полиция қызметкерлерінің құқыққа қайшы әрекеттері, әсіресе карантиндік іс-шаралармен байланысты фактілер туралы хабарлай алады.
 

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды