Пара каноэдан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 10 медаль алды

Таиландта өтіп жатқан ққұрлықтық додада отандастарымыз 3 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль еншіледі.

gov.kz

Алматы, NEGE. Жарыс барысында Бибарыс Спатай екі алтын, бір қола алса, Максим Богатырев бір алтын, екі күміс медальға қол жеткізді. Ал Жаңыл Балтабаева екі күміс, Мейіржан Армия бір күміс, бір қолаға қол жеткізді.

Айта кетсек, Таиландтың Паттайя қаласында байдарка және каноэмен есу спортынан жасөспірімдер мен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты басталды.

Құрлықтық додаға 15 елден 300-ге жуық спортшы келді. Аталған жарыста еліміздің атынан Мария Бровкова, Дінмұхаммед Шынқожаев, Богдан Яценко, Михаил Затолокка, Сұлтан Шарапиев, Руслан Федотов, Анна Емельяненко, Вероника Трапезникова, Ульяна Иванова, Малика Тұрсын, Эвелина Костенко, Ольга Сурмина сынды белгілі шеберлер сайысқа түседі.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр