Пандемия кесірінен әлемде аштық зардабын тартқан халық саны артып келеді

Дүниежүзінде аштық зардабын тартқан халық саны артып келеді. Ал пандемия жағдайды тек ушықтырып жіберді.

Алматы, NEGE. Бұл мәселе бойынша арнайы баяндама дайындаған БҰҰ жанындағы Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары осындай қорытындыға келді. Егер 2019 жылы 690 миллиондай адам тамаққа зәру болса, 2030 жылға қарай олардың саны 840 миллионға дейін өсуі мүмкін. Әсіресе, аштық балаларға ауыр тиіп тұр. Баяндамадағы мәліметке сәйкес, 5 жасқа жетпеген әлемдегі әрбір бесінші бала тамаққа жарымайды. Аштықтан, әсіресе, Азия, Африка, Латын Америкасы және Кариб теңізі аймақтары зардап шегіп отыр. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш: "Әлемнің көптеген елдері әлі күнге дейін аштықтың зардабын тартып жүр. Коронавирус пандемиясы бұл жағдайды тек ушықтырып жіберді. Егер осы үрдіс жалғаса берсе, біз 2030 жылға дейін бүкіл дүниеде аштықтан құтылу мақсатымызға жете алмауымыз мүмкін", - деді. 

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған