Пандемия қашан аяқталады?

Жылдың ортасына дейін әр ел халқының 70%-ын вакциналау жоспары орындалса, COVID-19 пандемиясының «ауыр фазасы» осы жылы аяқталуы мүмкін. Бұл туралы жұма күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус ДДСҰ-ның атқарушы кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды euronews.

Алматы, NEGE. Алайда, оның сөзінше, «омикрон» – соңғы штамм, пандемия аяқталуға жақын деп шатаспау керек.

Гебрейесус әлемде жаңа штамдардың пайда болуы үшін мінсіз жағдай жасалған деп санайды. Еуропаның кейбір елдерінде қалпына келтіру процесі жүріп жатыр.

Италияда көшеде міндетті түрде маска тағу талабы алынып тасталды. Бельгия ашық және жабық жерлерде 12 жасқа толмаған балалардан маска тағуды сұрамайды, сонымен қатар қашықтан жұмыс істеу талабын алды. Бұл шешімді жұма күні пандемиямен күрес жөніндегі комитеттің отырысынан кейін Корольдік үкіметі қабылдады. Түнгі клубтар ашылып, бар және мейрамханалардағы шектеулер алынды.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр