Пандемия: 344 миллиард теңгенің заңбұзушылығы анықталды

Есеп комитеті пандемия жағдайында дағдарысқа қарсы қаражаттың пайдаланылуын бақылау кезінде 344 миллиард теңгенің заңбұзушылығын анықтады.

Алматы, NEGE. Есеп комитеті өзінің 2020 жылғы жұмысының қорытындысын жасады. Аудитпен 47 триллионнан аса теңге қамтылды, бұл 2019 жылға қарағанда 38 пайызға артық және 2018 жылдың ұқсас көрсеткішінен 9 есе жоғары.

Жалпы 2,2 триллион теңге қамтылған. 344 миллиард теңгеге бұзушылықтар анықталған, оның ішінде, қаржылық бұзушылықтар – 34 миллиард теңге, қаражатты тиімсіз пайдалану және жоспарлау бойынша - 310 миллиард теңге. Оның 146 миллиарды ғана өтелген. 

2020-2021 жылдарға арналған "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бойынша 96 миллиард теңге, ал агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы бойынша 49 миллиард теңге бұзушылық анықталды. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр