Пәкістандағы су тасқыны: қаза тапқандар саны 330-ға жетті

Пәкістанның солтүстігінде толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқыны мен опырылыс жүздеген адамның өмірін қиды. Қаза тапқандар саны 330-ға жеткені хабарланды.

Anadolu Ajansı

Алматы, NEGE. Geo News дерегінше, құтқарушылар бір тәулік ішінде су тасқыны мен көшкіннен қираған үйлердің астынан көптеген адамның мәйітін тапқан.

Өңірлер бойынша ең ауыр жағдай Хайбер-Пахтунхва провинциясында тіркелді – мұнда 307 адам қаза тапты. Гилгит-Балтистанда – 12, ал Азад-Кашмирде 11 адамның өлімі расталды. Сонымен бірге, Хайбер-Пахтунхва билігі 32 адамның із-түзсіз жоғалғанын хабарлады.

Мамандардың айтуынша, нөсер жауын 21 тамызға дейін жалғасуы мүмкін.

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф төтенше жағдай аймағына дәрі-дәрмек, азық-түлік және басқа да қажетті көмекті шұғыл жеткізуді тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды