2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Пәкістандағы муссон жаңбырынан қаза тапқандар саны 299-ға жетті

Бұл туралы Пәкістанның Табиғи апаттармен күрес жөніндегі ұлттық басқармасына (NDMA) сілтеме жасап, PTV News мемлекеттік телеарнасы ақпарат таратты.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «26 маусымнан бері елде нөсер жауын жауып, су тасқыны болуы салдарынан 299 адам қайтыс болды, олардың ішінде 140-ы – балалар. Тағы 715 адам түрлі жарақат алды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Пәкістанда маусым айынан бері күшті муссон жаңбырлары толассыз жаууда.