Пәкістанда содырлардың шабуылынан 18 адам қаза тапты

Пәкістанның солтүстік-батысында содырлардың шабуылынан 18 адам қаза тапты. Тағы 30 адам жарақат алып, ауыр халде ауруханаға түсті, деп жазды 24.kz .

24.kz

Алматы, NEGE. Қаруланған бір топ адам Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы елді мекендердің біріне басып кіріп тұрғындарға оқ жаудырған. Кейін жанармай құю бекеттерін өртеп, тұрғын үйлерді қиратқан.

 Әзірге шабуылды нақты кім ұйымдастырғаны белгісіз. Ешбір топ жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ. Бұған дейін дәл осы аймақта белгісіз біреулер көлік колоннасына оқ жаудырған еді. Сол кезде 38 адам қаза тапқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті

Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Айдын Рахымбаев байлығының жартысын қайырымдылыққа бермек