2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Пәкістан мен Үндістанда су тасқынынан 380 адам көз жұмды

Пәкістан мен Үндістанда алапат тасқын жүріп, лай көшті. Салдарынан 380-нен аса адам опат болды, деп хабарлады 24.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Табиғи апаттан қаза тапқандар Пәкістанда көп. Онда көз жұмғандар саны 321-ге жетті. Ахуал әсіресе елдің солтүстігінде қиын. Үйлер мен жолдар бүлінген. Аймақта төтенше жағдай жарияланды. Гуманитарлық көмек тиеген тікұшақ апатқа ұшырады.

Жергіліктің биліктің мәлімдеуінше, әуе көлігінде ешкім тірі қалмаған.

Ал Үндістанның Кашмир аймағында топан су 60 адамның өмірін қиып кетті. Тағы 200 тұрғын ізім-қайым жоқ. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Метеорологтар болса алдағы күндері күн тағы бұзылуы мүмкін деп болжам жасап отыр.