Пәкістанда коронавирусты жұқтырғандар саны 255 мыңнан асты

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Соңғы бір тәуліктің өзінде қауіпті кесел 2 мыңнан астам адамнан анықталып, 67 науқас көз жұмған.

Алматы, NEGE.  Айта кетейік, індетті жұқтырғандардың басым бөлігі Синделді мекенінен екен. Кеселді жұқтырғандар сондай-ақ Пенджаб провинциясында көп. Онда 90 мың адамнан коронавирус анықталды. Жалпы ел бойынша қазір ауруханада осы диагнозбен 4 мың науқас емделіп жатыр.