Пәкістанда аптап ыстық алқымнан алып тұр
Жаз басталмай жатып Пәкістанда күн күйіп тұр.
Алматы, NEGE. Елде ауа температурасы бұрын-соңды болмаған рекордтық деңгейге көтерілген. Сынап бағанасы 48 градустан түсер емес. Аптап ыстықта жұрт күн көзінен қорғанудың амалын іздеп әлек. Синоптиктердің сөзінше, ми қайнатар ыстық мамырдың басына дейін жалғасады.