P Diddy екі бап бойынша кінәлі деп танылды

Оның өмір бойына бас бостандығынан айырылатыны айтылған, бірақ енді ол ең көп дегенде 20 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Екі айға созылған сот тергеуінен кейін ол бес айыптың екеуі бойынша ғана кінәлі деп танылды.

Айыптаушы тарап музыканттың бұл іс бойынша екі түрлі жағдайда қылмыс жасағанын дәлелдей алды. Атап айтқанда, ол жезөкшелікке тарту немесе жеңгетайлық бойынша айыпталды.

Комбс бес бап бойынша сотқа тартылған еді. Алқабилер соның ішінде сексуалдық құлдық және рэкеттік қастандық бойынша оны кінәлі емес деп таныды.

Бұл іс АҚШ сот тарихындағы ең атышулы істердің біріне айналуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді