«Өзім жүргіземін»: Жаңа министр боттармен жұмыс істемейтінін ескертті (видео)

Журналистер үкімет кулуарында мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтан әлеуметтік желіде айтылып жатқан сынға қатысты пікірін сұрады.

Алматы, NEGE. Желі қолданушылары жаңа министрдің әлеуметтік желілердегі парақшаларында боттар мен фейктердің қаптап жүргенін байқаған.

«Мен ешқашан боттармен жұмыс істеген емеспін. Иә, біз әлеуметтік желілерді белсенді жүргіземіз. Жеке әлеуметтік парақшаларымды өзім жүргіземін. Әрдайым ашық әңгімеге дайынмын. Тағы қайталаймын мен боттармен жұмыс істемеймін», - деді Асхат Оралов.

Қазір оқып жатыр

Балалар лагерьлерін енді ескертусіз тексереді

Ақтауда полицейлер тұрғындарға бет-әлпетті жабу нормаларын түсіндірді

Азаматтар зейнетақы жинағының жеткілікті шегін көтеруге қарсы

Екі адамның жұмысын істейді: алаяқтар тегін хабарландыру сайттарында қалай әрекет етеді