26 июня 2023 г. 17:21

«Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директорының бұрынғы орынбасары Қарамырзаев ұсталды

Фото:

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаментімен «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директорының бұрынғы орынбасары Е. Қарамырзаев (қазіргі таңда "Қаражанбасмұнай" АҚ Бас директорының орынбасары) ұсталды.

Алматы, NEGE. Ол «КЕЗБИ» ЖШС-нің және «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның басқа да мердігер ұйымдарының заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасау мақсатында өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланған деп күдіктелуде. Қарамырзаев конкурстың жекелеген қатысушыларының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтінін және мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы жалған құжаттар ұсынғанын біле тұра, оларды тендерге қатыстырған.

Олардың мүдделерін қолдауды жалғастыра отырып, ол «КЕЗБИ» ЖШС-ні компаниясы үшін ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша көрінеу қолайсыз шарт жасасуға мәжбүр етті. Өзінің заңсыз әрекеттерімен ол «КЕЗБИ» ЖШС-нің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірді және мыңнан астам қызметкердің құқықтарын бұзды, сондай-ақ мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленіс тудырды.

ҚР ҚПК 201-бабының негізінде өзге ақпарат жария етілмейді.

Тегтер: