Өзенге секіріп кеткен: Пара алған аудан әкімі аппаратының басшысы ұсталды

Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов хабарлады.

Алматы, NEGE.  Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша басқармасы ҰҚК департаментімен бірлесіп, Текелі ауданы әкімі аппаратының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

Ол «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің директорынан «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру аясында жүргізіліп жатқан Текелі қаласының аумағын абаттандыру туралы жасалған келісімшарт бойынша Қоғамның қызметіне жалпы қамқорлық көрсету үшін 1,5 млн теңге сомасында пара алуда күдікке ілінді.

Сонымен қатар, Қайсар Баржақсынов шенеунік оқиға орнынан қашып кетпек болғанын атап өтті.

"Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысының әрекетін әшкерелеу кезінде ол өз басын қауіп-қатерге тігіп, оқиға орнынан жасырынбақ болды. Ол өзенге секіріп, ағып кете жаздады. Алайда, оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ұстады", - деді тергеуші.

Қазір оқып жатыр

Полиция полковнигі Данияр Мейрхан қызметінен шеттетілді

Оқу-ағарту министрі мұғалімдерге сүйінші жаңалық жеткізді

Алматыда «Медеу» маңындағы 288 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Қазақстандық әйел порнография үшін Қырғызстаннан бала сатып алған