Өзбектер Қытайға гуманитарлық көмек жөнелтті
«Өзбекстан коронавирус жайлаған Қытай еліне 40 тонна гуманитарлық көмек жіберді», – деп хабарлады өзбек билігінің баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. Гуманитарлық көмек ретінде жөнелтілген ж.ктің тізімінде – зарарсыздандырылған бір рет қолданылатын қолғаптар, қорғаныс киімдері, фильтрленген бетперде секілді медициналық өнімдер бар.
Өзбекстан үкіметі өткен жылдың соңында пайда болған жаңа коронавирус жайыла бастағанда Қытаймен екі арадағы тұрақты рейстерді тоқтатқан.
Үкімет мәлімдемесінде Өзбекстан гуманитарлық көмектің екінші партиясын дайындап жатқандығы да айтылған.