Өзбекстанның олимпиада чемпионы қарсыласын бір соққымен құлатты

2022 жылғы Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов (12-0, 12 КО) кәсіпқойдағы кезекті айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. АҚШ-тың Карсон қаласында өткен айқаста ол америкалық Кертис Харпермен (14-9, 9 КО) жұдырықтасты.

Ауыр салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелген болатын, бірақ төртіншісінде аяқталды. Джалолов қарсыласын бір соққымен құлатты. Харпер аяққа тұрғанымен, төреші жекпе-жекті тоқтату туралы шешім шығарды. Кертис үшінші раундта да бір құлап алған болатын.

Еске салайық, Джалолов 2019 жылы әлем чемпионы және үш рет (2017, 2019, 2021) Азия чемпионы атанған.