Өзбекстанның қазақтар тұратын ауылында мәдениет үйі ашылды

Өзбекстанның Төле би ауылында мәдениет үйі ашылды.

Алматы, NEGE. Айта кету керек, Қазақстанмен шекаралас аймақта орналасқан елді мекен тұрғындарының басым бөлігі қазақтар. Енді қандастарымыз жаңадан ашылған ғимаратта өздерінің мәдени мұрасын дамытып, ұлттық құндылықты насихаттай алады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұрын олар тек мектеп төңірегінде ғана ұйымдастыру шараларын атқарған. Енді мәдениет орталықта өзге де ұлт өкілдерімен етене жақын араласып, татар, түрікмен, ұйғыр бауырлардың да ұлттық құндылықтарымен танысады. Жалпы қазір Ташкент облысында 400 мыңнан астам қазақ тұрады.

Ташкент Облысы қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы Дамир Қалдыбаев: "130-дан артық мектеп бар, аралас мектеп, қазақ мектебі. Оған қоса Абайдың өлеңдерін өзбек тіліне аударып, Науаидің өлеңдерін қазақ тіліне аударып, екі ақынды дәріптеу жұмыстарын бастағанбыз. Сан жағынан келгенде қазақтар өзбектерден кейін екінші орында тұрады", – деді. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?