Өзбекстанның екі облысын су басып 4 адам көз жұмды

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Өзбекстанның Самарқанд және Жызақ облыстарының көп бөлігінде су тасқыны болды, деп хабарлайды ktk.kz.

Алматы, NEGE. Елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 19 сәуірде басталған нөсер жаңбырдан кейін 20 сәуірде Самарқанд және Жызақ облыстарының бірқатар аудандарында сел мен су тасқыны байқалды.  Атап айтқанда, су тасқыны Жызақ облысының Бахмал, Фориш, Ғаллаарал және Ш.Рашидов аудандарында байқалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Фориш ауданындағы су тасқыны салдарынан 4 адам (1 ер, 3 әйел) қаза тапқан.  Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Самарқанд облысының Иштихон, Булунғыр және Үргут аудандарында су тасқыны болып, М-39 халықаралық тас жолының бөліктерін су басқаны айтылады хабарламада. 

 Қазіргі уақытта құтқарушылар төтенше жағдай салдарын жою шараларын қабылдауда. 

Қазір оқып жатыр

Түркияда Қазақстан азаматын атып кетті

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі