Өзбекстанның бес партиясы президенттікке үміткерін ұсынды
Өзбекстанның барлық 5 партиясы Президент сайлауына қатысатын кандидаттарын ұсынды.
Алматы, NEGE. Айта кету керек, көрші ел тарихында саяси маңызды науқан осымен 6-шы рет өткелі тұр. Бұл сайлауға қазіргі мемлекет басшысы Шавкат Мирзиеёв те қатысатын болды. Оны кандидат ретінде Либерал-демократиялық партиясы пленумда ұсынған.
Тағы президенттікке үміткер ретінде «Миллий тикланиш» демократиялық партиясы Алишер Қадыровты, Экологиялық партия Нарзулла Обломурадовты, ал «Адолат» әлеуметтік-демократиялық партиясы Бахром Абдухалимовты таңдады. Айта кетейік, осы жолғы сайлауға алғаш рет әйел кандидат та қатыспақ. Тәжірибелі дәрігер Максуда Варисова – Өзбекстанның Ұлттық-демократиялық партиясы атынан президенттікке үміткер.