Өзбекстанның бас прокуратурасы Ауғанстанда ұшақтың құлауына қатысты мәлімдемесін қайтарып алды

Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасы Өзбекстан аумағында құлаған Ауғанстанның Әскери әуе күштері ұшағының құлау себептері туралы ресми хабарламасын кенеттен қайтарып алды.

Алматы, NEGE.  «Бас прокуратураның ведомствоның Telegram-каналындағы бұрынғы мәлімдемесі аяғына дейін нақтыланбаған еді, ол жауапты ведомстволардың тексерілген деректеріне негізделмеген болатын», - делінген Өзбекстанның Бас прокуратурасының жаңа мәлімдемесінде.

Сонымен қатар Бас прокуратура жіберілген қателік үшін кешірім сұрады. Еске сала кетейік, кеше Өзбекстанның Бас прокуратурасы Ауғанстанның Әскери әуе күштері ұшағының құлау себептері туралы айтқан болатын. Сонымен қатар Өзбекстан аумағына Ауғанстан Ислам Республикасының 46 әскери әуе кемесінің мәжбүрлі түрде қонғаны туралы хабарлаған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда қанша ер-азамат тұрады?

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды